Жинақтық сан есімі бар өлең ( біреу,екеу жане т.б)

  • 1 Ответ (-а, -ов)
    Біреу мені — келеді жылатқысы,
    Біреу мені — келеді құлатқысы.
    Ал біреулер бәйек боп мына мені —
    Келеді де тұрады қуантқысы.

    Біреу мені — үнемі көре алмайды,
    Біреу мені — күнігі жамандайды.
    Ал біреулер ұдайы қамқор болып,
    Бар жоғымды уайымдап алаңдайды.

    Біреу мені — келмейді түсінгісі,
    Біреу мені — келеді түсіргісі.
    Ал біреулер дұға етіп мына менің
    Оңға бассын дейді ылғи ісі.

    Жүрейікші тату-тәтті пендедей-ақ,
    Бірімізді-біріміз күндемей-ақ.
    Ешбірінің түрі жоқ оңып тұрған
    Сондықтан қойайықшы үндемей-ақ.
    Добавить
  • Ваш ответ